Алматыдан шығып үлгеруге 72 сағат берілді: 22 наурызда барлық блок-бекеттер жабылады - kaz.caravan.kz
  • $ 489.39
  • 567.5
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыдан шығып үлгеруге 72 сағат берілді: 22 наурызда барлық блок-бекеттер жабылады

Алматыдан шығып үлгеруге 72 сағат берілді: 22 наурызда барлық блок-бекеттер жабылады

Алматыдағы барлық блок-бекеттер 22 наурыз күні толығымен жабылатыны айтылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

  • 18 Наурыз 2020
  • 19
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы қаланың мобильдік басқармасының жетекшісі Сағындық Телібаев мәлім етті. 

"Алматы облысының тұрғындарына айтарым: сіздердің қаладан шығуларыңызға 72 сағат беріледі. Алматылықтар толығымен оқшаулануы қажет. Сондай-ақ қаладан тыс аумақта жүрген тұрғындар өз үйлеріне осы уақыт аралығында оралуы керек. Содан кейін қала толығымен жабылады", — деді басқарма жетекшісі. 

22 наурыз күні сағат 00:00-де әуе және теміржол қатынасы толығымен тоқтатылады.


"Халықаралық рейстерге шектеу қйоылмайды. Біз оларды қабылдаймыз, десек те бірқатар шектеулер қойылады", — деп қосты Сағындық Телібаев.

Еске салайық, бұған дейін карантин кезінде Алматыға сырттан ешкім кіргізілмейтіні жайлы айтылған еді.