Алматыдан Ыстықкөлге тура апаратын аспалы жолдың жобасы таныстырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыдан Ыстықкөлге тура апаратын аспалы жолдың жобасы таныстырылды

Алматыдан Ыстықкөлге тура апаратын аспалы жолдың жобасы таныстырылды

Бұл туралы МК-Қазақстан хабарлайды.

Архитекторлар Алматы мен Ыстықкөл жағалауын және Қазақстандағы Іле Алатауы мен Қырғызстандағы Күнгей Алатауындағы екі шаңғы-туристік курорттарын байланыстыратын гондолды аспалы арқан жолын тұрғызуды көздеп отыр.

Жобаланып отырған аспалы жол Үлкен Алматы көлі мен Ыстықкөл арасында байланыс орнатады. Ол көпір Көлді асуы арқылы тартылмақ. Қазіргі таңда бұл а

  • 29 Желтоқсан 2016
  • 892
Фото - Caravan.kz

Архитекторлар Алматы мен Ыстықкөл жағалауын және Қазақстандағы Іле Алатауы мен Қырғызстандағы Күнгей Алатауындағы екі шаңғы-туристік курорттарын байланыстыратын гондолды аспалы арқан жолын тұрғызуды көздеп отыр.

Жобаланып отырған аспалы жол Үлкен Алматы көлі мен Ыстықкөл арасында байланыс орнатады. Ол көпір Көлді асуы арқылы тартылмақ. Қазіргі таңда бұл аспалы жол “Көл транзиті” деген уақытша атау алған.

Аспалы арқан жолы жүйесі Алматы мен Ыстықкөл арасын 2,5-3 сағат уақытқа дейін үнемдеуге мүмкіндік береді. Арнайы есептеу бойынша, бұдан пайда болатын әсер негізінде жазғы маусым кезінде қоршаған ортаға тасталатын 500 мың тонна жылыжай газының шығарылуын тежейді.

Осыған ұқсас идея 2008 жылы пайда болған еді. Алайда жобаға ешкім әлі күнге дейін ұсыныс жасамаған. Жалпы есептегенде Алматыдан Ыстықкөл жағалауларына дейін 60 шақырым қашықтық. Әдетте тасымалдаушылар туристерді Қордай асуы арқылы 500 шақырымды артқа тастап алып барады. Не болмаса Алматы облысы, Кеген ауданы арқылы 470 шақырымды айналып өтіп жеткізеді.


Автокөлікпен немесе автобуспен сапарлату арқылы инфрақұрылымы нашар жолмен 8-11 сағатты ұрлайды.

Қазіргі таңда екі елдің де энергиялық жүйесінде ешқандай түйткіл жоқ. “Ғылыми-зерттеу орталығы” ЖШС мамандарының айтуынша аспалы арқан жолын қамтамасыз ету үшін шамамен 110 кВ жұмсалады. Егер Алматыдағы Әл-Фараби даңғылы бойынан аспалы жолға отыратын болсаңыз, шамамен үш сағаттан соң Шолпан-Атаға табан тірейсіз.

Жобалаушылар жол бойындағы жайлылықты да уәде етіп отыр. Яғни, ұзыннан ұзақ жол емес, арасында әртүрлі бекеттерде аялдап тұруға да болады. Әр аралық бекеттерде, тұрмыстық, көңіл-көтеретін, әртүрлі инфрақұрылымдар ашу да жоспарланып отыр екен. Бұл жобаның тағы бір артықшылығы, осылайша орта және шағын бизнесті өркендетуге де мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар