Алматы-Екатеринбург жолындаелу шақты Өзбекстан азаматы эвакуацияланды - kaz.caravan.kz
  • $ 467.98
  • 533.87
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы-Екатеринбург жолындаелу шақты Өзбекстан азаматы эвакуацияланды

Алматы-Екатеринбург жолындаелу шақты Өзбекстан азаматы эвакуацияланды

Қарағанды облысындағы Алматы-Екатеринбург жолында елу жолаушы мінген Ташкент-Нижний Новгород бағытындағы автобус сынып жолда қалған. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді.

  • 23 Қаңтар 2014
  • 274
Фото - Caravan.kz

Төтенше жағдай өткен түні болды.

Соның салдарынан автобустағы Өзбекстанның елу азаматы эвакуацияланып, Ақсу-Аюлы ауылына орналастырылды. Зардап шеккендер жоқ.

Сонымен қатар, осы жолда Шымкент-Астана бағытындағы 50 жолаушы мінген Vanhool автобусы да жолда бұзылып қалған.

Құтқарушылар 27 жолаушыны жол шетіндегі «Шымкент» кемпингіне жеткізді, 23 жолаушы жол жөнекей көліктерге мініп кеткен.


Зардап шеккендер жоқ.