Әдетте есігінің алдында адам топырлап тұратын ақ халаттылардың енді өздері біреудің есігін торуылдаумен жүр. Айтуларынша, күнделікті осы жағдай қайталануда. Таңсәріден басталатын кезек жұмыс уақыты біткенше дәл осылай жалғасады екен. Күн сайын 200-ге тарта құжат қабылдап жатқан бұл орталықты небәрі 4-ақ адам қызмет көрсетіп жатыр. Олар дәрігерлердің мұнша көп келетінін білмедік дейді. Биыл медицина қызметкерлерінің барлығы біліктілігін арттыру үшін сынақ тапсыра алады. Бірақ ол міндетті емес.
Гүлмира Байдалиева, мейірбике:
— Кезекте таңғы сағат 3-тен тұрмыз. Мына жерде кіру мүмкін емес.Кешегілер де бүгін қабылданбай жатыр. Дүйсенбіден бастап осындай Бүгін 143-ші болып тұрмын. Кірем бе, кіре алмаймын ба, білмеймін.