Алматылық әншінің соққыға жығылу оқиғасы жайлы күйеуі айтып берді - kaz.caravan.kz
  • $ 485.4
  • 550.69
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматылық әншінің соққыға жығылу оқиғасы жайлы күйеуі айтып берді

Алматылық әншінің соққыға жығылу оқиғасы жайлы күйеуі айтып берді

Алматылық әнші Ксения Ашиғалиеваның күйеуі әйелін ұрмағанын айтты. Ол әйелін жала жапты деп айтыптады.

  • 30 Шiлде 2019
  • 28
Фото - Caravan.kz

Бауыржан Ашиғалиев әйелінің сөзін жоққа шығарды. Ксения денесіндегі жарақат ізін өзі салған деген нұсқаны айтты.

Бауыржан Ашиғалиев Jackpot тобының гитарисі. Ксения осы таптың вокал әншісі. Ерлі зайыпты ажырасудың аз-ақ алдында.

Бауыржан Ашиғалиевтің айтуынша, Ксенияны жертөлеге сүйреп, қорқытып үркітем деген ойы да болмапты. 

"Бұл жала. Ксения жарақатты өзі салды. Оны сараптма тексерсе екен деймін. Ол менімен ажырасам деп кеткенде, балаларымды көрсетпеймін деп қорқытты. Егер көрсетсе, есесіне әлдебір жайттың ақысын төле дейтін. Мен балаларды жақсы көрем. Олармен көп уақыт өткізгім келетін", — дейді Бауыржан.

Айтуынша, ол досы екеуі Ксениямен кездесіп қалған.


"Ксения жанжал шығарып, асфальтқа құлады. Біз тоқтау қоймақ едік, одан әрі айқайлады. Жұрттан көмек сұрады. Өзін ұрып жатқанын айтты. Полиция шақырып, бізді бөлімшеге алып кетті", — дейді ол.

Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін алматылық әйелдің өз күйеуінің үстінен шағымданғаны туралы хабарлаған едік. ІІМ күйеуінен аяусыз таяқ жеген алматылық әйелдің ісін бақылауға алды.