Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатына сенімді азаматтар бұл пікірін кандидаттың өкілдеріне ашық айтты. Еліміздің ғылымы мен біліміне, мәдениеті мен өнеріне өлшенбес үлес қосқан қауым бірауыздан тек бір үміткерді ғана қолдайтындықтарын жеткізді. Ол – мемлекеттің қазіргі басшысы Нұрсұлтан Назарбаев. Бүгінгідей құбылмалы заманда елге есті адам қажет деп отыр ақсақалдар. Сондықтан, сайлауда халықтың да дұрыс таңдау жасайтындықтарына сенімді.
Аягүл Миразова, Қазақстанның Еңбек ері:
-Басшысы кемел ел озады деген. Біздің еліміз, Қазақстанымыз осы басшымыздың кемелдігі арқасында озып отырмыз. Менің таңдауым ол біреу – ол біздің Нұрсұлтан Әбішұлы. Елбасымыз!