Алматылық фотограф құны жарты миллион тұратын 1001 раушан гүлін блогерге сыйлап, пранк жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматылық фотограф құны жарты миллион тұратын 1001 раушан гүлін блогерге сыйлап, пранк жасады

Алматылық фотограф құны жарты миллион тұратын 1001 раушан гүлін блогерге сыйлап, пранк жасады

Instagram-да миллионнан аса оқырманы бар танымал блогер Мерей Әбіловаға алматылық фотограф пранк жасады. Дәулет Бейсенбек 18 жастағы бойжеткенге 1001 раушан гүлін сыйлап, есімін жасырын қалдырған. Құны жарты миллион тұратын гүлдерді Мерейдің оқырмандары сатуға кеңес берген.

  • 11 Қараша 2021
  • 43
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Мерей кеше 1001 гүлмен түскен суретін жариялап: "Мен иә дедім", — деп оқырмандарын қызықтырған. Оқырмандары блогерді құттықтай жөнелген. Алайда бұл бар болғаны кезекті пранк болып шықты. 

Осыншама көп гүлді кім жіберуі мүмкін деген сауал Мерейдің өзін біраз толғандырған. Арада бірнеше сағат өткеннен кейін, тосынсыйдың иесі де анықталды. 


Әдетте өзгелерді ыңғайсыз жағдайға жиі қалдыратын пранкер Дәулет Бейсенбек бұл жолы бойжеткенді қуантқан. 

Соңғы жаңалықтар