Алматылық кейуана баласы мен келінінен таяқ жеген, ал қызы үйін сатып жіберген - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматылық кейуана баласы мен келінінен таяқ жеген, ал қызы үйін сатып жіберген

Алматылық кейуана баласы мен келінінен таяқ жеген, ал қызы үйін сатып жіберген

Бауыр еті баласынан таяқ жеп, көзі жастан құрғамай жүрген қариялар елімізде көбейіп барады. Олар перзенттерінен былапыт сөздер естігені былай тұрсын, мертігіп қаламызба деп қорқады.

  • 26 Желтоқсан 2018
  • 362
Фото - Caravan.kz

Осындай қазына қарттардың бірі арнамызға хабарласып, көмек сұрады. Қартайған шағында кемел қарттарға қол көтеру не себепті еселеніп барады?

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Алматылық Минара әжей бес перзенті болса да жалғыздықты жанына серік етіпті. Жәбір көрген қарияның сөзінше, балалары мүлдем көмектеспейді. Кенже ұлы мен келіні оған "масыл болдың" деп күн көрсетпепті. Ауыздарына келгенін айтып, жұдырыққа да жүгінген кездері болыпты. Осылайша, жер үйде жалғыз тұратын әжейдің үйін ортаншы қызы сатып жіберген."Жылы пәтер әперемін" деп уәде бергенмен, анасы қоңырау шалса тұтқасын көтермейді екен. Енді далада қалып, ағайынды жағалаған қария шарасыз отыр. 

“Қызымның үйінде екі жылдай тұрдым. Енді өз балаңды өзің аузың бармайды. Естімеген сөзім жоқ, көрмеген қорлығым жоқ. Енді 2014 жылы болған жағдай. Содан 2016 жылы мен сені асырауға міндетті емеспін, асырап сақтауға. Қайда барсаң онда бар. Мейлі әлгі дом престарелых дей ме сонда бар деп мені үйінен қуды” – дейді қала тұрғыны Минара Рақышева.

Ал, әлеуметтанушылардың сөзінше, бұл еліміздегі екі отбасының бірінде кездесетін жағдай. Ұлттық құндылық, ар-ұят, ата-анаға деген құрметтің жоғалуы, жауапкершіліктің жойылуы осыған себеп, дейді олар. Қазір ата-ананың ақ дегені алғыс, қара дегені қарғыс дегенді ұмытқан жастар көп. Алайда, әке-шешеге қорлық көрсететіндердің дені әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққандар, дейді мамандар.

“Ата-аналардың өздері жақсы тәрбие ала алмағандықтан немесе біздің қоғамның қажет емес  құндылықтарды өзінің бойына сіңіру арқылы яғни олардың бойында бір әкелік деген, шешелік деген міндеттің, абыройдың болмауы нәтижесінде өзінің баласына кез-келген ойына келгенін істеп жатады. Бұған қарайтын болсақ, бұл жауапкершіліктің жоқтығынан” – дейді әлеуматтанушы Есімбек Арғынбек.

Ал, психологтардың пікіріне сүйенсек қазына қарттарды қартайған шағында қажетсінбейтіндер бала кезінен түзу тәрбие көрмегендер екен. Оған, жоқшылық пен түрлі қиындық та себеп. Мамандардың ойынша, қарт ата-ананың қадір-қасиетінің жоғалуына батыстық тәрбиенің де салқыны тиюде.  

“Қиыншылықтар жалпы көп  кездеседі. Оны бір адамдар жақсы көтереді, жаңағы қиыншылықтарды жеңуге тырысады. Ал кейбіреулер бар, олар қиыншылықтарға бірден мойынұсынып сонымен арымен қарай да қиындықтың жетегінде кете береді” – дейді психолог Алмат Нұраддинов.



Заң – еңбекке жарамсыз және көмекке мұқтаж ата-ананы кәмелетке толған балалары бағып-қағуы тиіс, дейді. Нақтырақ айтсақ, ҚР "Неке және отбасы туралы" кодексінің 145-бабы осыған міндеттейді. Қажетті жағдайда сот арқылы алимент өндіріп алуға да болады.

“Егер де мысалға ҚР-ның азаматы болып табылатын ата-анаға бала қандай да бір қол жүмсау арқылы денсаулығына зиян келтіретін болса ол жалпыға бірдей өзіміздің әкімшілік кодекс және қылмыстық кодекске байланысты  толық жауапкершілікке тартылуға міндетті. Себебі, оның жарақат алған салдарына байланысты” – дейді заңгер Айдос Шәріпжанов.

Ата-анаға, әсіресе қарттарға қол жұмсайтындарды заң бойынша қатаң жазалау керек. ТІпті, білек күшіне сеніп қарияларды соққыға жығатындарды бас бостандығынан айыру әділ, дейді заңгерлер.

Соңғы жаңалықтар