Алматылық келіншек шардың кесірінен оңбай күйіп қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматылық келіншек  шардың кесірінен оңбай күйіп қалды

Алматылық келіншек шардың кесірінен оңбай күйіп қалды

Шардың кесірінен ажарынан айырылды! Алматылық Әсел Шашубаева әдемі сыйлықтан зардап шекті. Туған күнінде күйеуі құшақ гүлмен бірге, түрлі-түсті шарларды да сыйға әкелген екен. Алайда қуанышты сәтте суретке түсе бергенде, ұшатын шарлар жарылып кеткен. Салдарынан келіншектің беті және басқа біраз жері күйіп қалған. Отағасының да қос қолына от тиген. Әп-әдемі ажарынан айырылған келіншек енді қауіпті затты сатқандарды жауапқа тартқыза алмай жүр.         

  • 25 Қыркүйек 2015
  • 361
Фото - Caravan.kz

Әсел енді айнаға қараудан қалды. Өз түрінен өзі шошынып, болған жайтқа әлі де сенбей жүр. Кесапат туған күнге арналған сыйлықтан келген. Тосыннан қуантпақ болған күйеуі құшақ гүлімен бірге, шар да әкелген екен. Түрлі-түсті сыйлықта «туған күніңмен!» деген жазу да болыпты. Алайда, сол ұшатын шарларын торттағы жанып тұрған балауыз шамның жанына әкеліп суретке түсе бергенде, өрт шығып, Әсел қатты күйіп қалған.

Әсел Шашубаева:

-Бетім, қолым, әсіресе, қолымның етіне дейін күйіп қалды. Иығым, кеудемді де терең күйік шалды. Ажарым үшін қорқып отырмын. Көшеге қалай шықпақпын? Ел-жұрттың көзіне енді қалай көрінемін?

Жалын тіпті дәлізде ілініп тұрған киімге де тиіпті. Қайта құдай сақтап, 5 жасар қызы мен бесікте бөлеулі жатқан сәбиі басқа бөлмеде болған екен. 

Айгүл Олжабаева, Әселдің анасы:

-Қызымды туған күнімен құттықтап қоңырау шалсам «мама» деп жылап жіберді. Беті күйіп қалғанын айтты. Өз көзіммен көргенде, мүлдем шошып кеттім. Бұл сонда қалай болғаны? Мына перзентті енді ол қалай емізеді? Кеудесі де күйіп кеткен ғой!

Сорлатқан сыйлықты Әселдің жолдасы жол бойындағы сатушылардан алыпты. Сүйіктісін оңдырмай күйік шалған соң отағасы ізін суытпай сонда барған.


-Білмеймін тегі, менде мұндай жағдай  болған емес,ешқашан!

 -Сонда шарды кім үрлеп жүр?

-Мен сатып аламын ғой. Менде болған емес!

-Енді сізге әкелген адамды  айтпайсыз ба?

-Оны  ұстап бере алам мен.

«Делдалмын» деп ақталған әйел көп ұзамай сөзінен айнып қалды. Шардың иесін ұстап бермек түгілі, шарларын тастай қаша жөнелді.    Әселдің бет-әлпетін қалпына келтіру үшін енді күрделі ота қажет. Әзірге келіншек тек көбіктің арқасында ғана терісін құрғатпай ұстап жүр. Шар сатушыларға қатысты отбасы арыз түсіріп те үлгерген. Тек әзірге ешбірі ұстатар емес. 

Соңғы жаңалықтар