Алматылық полицейлер қылмыс орнына жету мерзімін 3-5 минутқа дейін қысқартпақ ниетте - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматылық полицейлер қылмыс орнына жету мерзімін 3-5 минутқа дейін қысқартпақ ниетте

Алматылық полицейлер қылмыс орнына жету мерзімін 3-5 минутқа дейін қысқартпақ ниетте

Алматы қалалық ІІББ-ның күзет полициясына қарасты көлік санының артуына байланысты күзет экипаждары азаматтарға көмек көрсету үшін қылмыс болған жерге шұғыл жету мерзімін бұрынғыдан да арттыра түсуге мүмкіндік алды. Бұл туралы Алматы қалалық ІІББ-ның баспасөз орталығынан таратылған хабарламада айтылған.

  • 3 Қазан 2003
  • 431
Фото - Caravan.kz

Таяуда Алматы қалалық ІІББ-ның күзет полициясы полкына күзет-бақылау қызметін жүзеге асыру мақсатымен 50 жеңіл көлік берілген. Бұл көліктер «Алматы қаласындағы қылмыспен күресті күшейту, оперативті ахуалды тұрақтандыру және тәртіпті нығайтуға, ішкі істер органдарын 2001-2005-жылдар аралығында материалдық-техникалық, әлеуметтік және мамандармен қамтамасыз етуге бағытталған кезек күттірмес шаралар» жөніндегі бағдарламаны жүзеге асыру аясында Алматы қалалық әкімшілігі бөлген қаржыға сатып алынды.

ІІББ-ның баспасөз орталығынан таратылған хабарламада атап көрсетілгеніндей, көлік санының артуы нәтижесінде қала көшелеріне күзетке шығатын полиция жасақтарының саны артады. Бұрындары шұғыл жәрдем талап етілетін жерге кешігіп жететін Алматылық полицейлер қылмыс орнына жету мерзімін 3-5 минутқа дейін қысқартпақ ниетте. Сонымен бірге, қаланың халық ең тығыз қоныстанған аудандары мен қылмыс жиі шығатын бөліктеріне тәулік бойы бақылау жүргізуге мүмкіндік туды.
Қазіргі таңда Алматы қалалық ІІББ күзет полициясының полкы мен жол полициясы барқармасы қызметкерлерінен құралған ортақ экипаждар жабдықтау мәселесін шешуде. Олар жол қозғалысын қадағалаумен қатар күзет функциясын да атқаратын болады.

Соңғы жаңалықтар