Алматылық қыз Қостанайда жоғалып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматылық қыз Қостанайда жоғалып кетті

Алматылық қыз Қостанайда жоғалып кетті

Қыз бала 11 шілдеде үйден шығып, сол беті қайтпаған. Қаланы жақсы білмейді екен.

  • 13 Шiлде 2018
  • 11
Фото - Caravan.kz

14 жасар қыз екі күн бұрын із-түзсіз жоғалып кетті.

Басылымның мәліметінше, ол Алматыдан Қостанайға қонаққа барған. 11 шілде күні күндіз Әл-Фараби даңғылындағы үйінен шығып, қайтып оралмапты.

Жасөспірім капюшоны бар сұр түсті кеудеше, көк джинсы, күлгін түсті аяқ киім киген.

Бойы 160-170 сантиметр, арық бітімді, шашы иығына түскен, қоңыр көзді. Бұрын үйден қашып көрмеген. Қостанай қаласын онша білмейді.