Алматылық таксист қыз зорлағанын мойындады - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматылық таксист қыз зорлағанын мойындады

Алматылық таксист қыз зорлағанын мойындады

Алматыда такси жүргізушісінің қыз зорлауы туралы іс бойынша тараптарды қатар тыңдау өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілші

  • 5 Желтоқсан 2016
  • 418
Фото - Caravan.kz

Алматыда такси жүргізушісінің қыз зорлауы туралы іс бойынша тараптарды қатар тыңдау өтті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Аида Айсарованың мүддесін белгілі адвокат Айман Омарова қорғап отыр.

Түрксіб аудандық прокуроры сотталушыны үш жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Айман Омарованың айтуынша, сотталушы өз кінәсін мойындап, өкініп, қызға моральдық шығынын өтеп беруге келісіпті.

Үкім 6 желтоқсанда 17.00-де оқылады.


Еске салайық, такси жүргізушісінің қызды зорлағаны туралы 1 қарашада баспасөз мәслихатында белгілі болған еді. "Не молчи.kz" қозғалысының көшбасшысы Дина Смайылованың айтуынша, оқиға биыл 11 маусымда болған. Оның мәліметінше, 33 жастағы Аида Айсарова таксиде талып қалған. Ал осы уақытта жүргізуші оны зорлаған. Сондай-ақ, ол жәбірленушінің ақшасын тартып алған.
 

Соңғы жаңалықтар