Алматылық ұры Қарағанды ​​облысындағы телекоммуникациялық компанияға 7 млн теңгеге жуық шығын келтірді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматылық ұры Қарағанды ​​облысындағы телекоммуникациялық компанияға 7 млн теңгеге жуық шығын келтірді

Алматылық ұры Қарағанды ​​облысындағы телекоммуникациялық компанияға 7 млн теңгеге жуық шығын келтірді

Алматы тұрғыны Қарағанды ​​облысындағы телекоммуникациялық компанияға 7 миллион теңгеге жуық шығын келтірді.

  • 21 Қыркүйек 2021
  • 31
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

26 тамызда Қарағанды ​​облысы Ақтоғай ауданының полиция бөліміне телекоммуникациялық компаниялардың бірінен хабарлама келіп түсті. Белгісіз біреу Гүлшат ауылынан екі шақырым жерде орналасқан желіден мыс кабелін ұрлаған. Келтірілген шығын көлемі 6 млн 879 мың теңгені құрады. ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

13 қыркүйекте жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстады. Бұл кінәсін мойындаған 60 жастағы Алматының тұрғыны болып шықты. Айғақты зат тәркіленді. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.



Ақпарат көзі Polisia.kz сайтында: https://polisia.kz/almatylyq-ury-qaraghandy-oblysyndaghy-telekommunikatsiyalyq-kompaniyagha-7-mln-tenggege-zhuyq-shyghyn-keltirdi/

Соңғы жаңалықтар