Алматылықтар 9 мамыр мерекесін әдеттегідей, 28 гвардиялық-панфиловшылар саябағында атап өтуде. Мұнда қала тұрғындары мен қонақтар және әрине, ардагерлер көптеп жиналды. Жаңа ғана Даңқ мемориалының алдындағы мәңгілік алауға салтанатты түрде гүл шоқтары қойылды. Алдыңғы лепті әрине ардагерлер бастады. Айта кетейік, еліміз бойынша Ұлы Отан соғысының ерлікке толы қаһарлы жылдарын көрген 4500 ардагер болса, соның 875-сі Алматыда тұрады. Алматыда да мереке әсерлі өтуде. Бүгін таңертең қаладағы Астана алаңында «Ардагерлер маршы» ұйымдастырылды. Осымен сегізінші жыл қатарынан өтіп отырған маршқа биыл «Мәңгілік полк» және «Мәңгілік рота» қосылды. «Мәңгілік полкте» Ұлы Отан соғысында қаза тапқан немесе елге оралмаған азаматтардың туыстары жақындарының суреттерін алып жүріп өтті. Ал 28 гвардиялық-панфиловшылар саябағына әскери техникалар қойылып, сұрапыл соғыстың қасіретті жылдарын көрген аға буын өкілдері естеліктерімен бөлісіп, өскелең ұрпаққа бейбіт заманды қадірлеп, қастерлеу турасында өнегелі әңгімелер айтты. Мереке концерттік бағдарламаға ұласып, түсте әскери дастархан жайылмақ. Кешкі сағат сегізде Астана алаңында мерекелік шоу ұйымдастырылса, түнгі онда сол алаңда және Сайран өзенінің бойында мерейтойлық отшашу болады деп жоспарланып отыр, деп хабарлайды http://24.kz/kz сайты.