Жарияланды: 380

Алматылықтар тазалық акциясын өткізеді

Ертең Медеу ауданының әкімшілігі Бутаковка өзені бойында тазалық акциясын өткізеді. Сенбілікке өз қаласының экологиясына бей-жай қарамайтын барлық алматылықтар үлес қоса алды.

Қатысуға ниет білдіргендер Пушкин-Қарасай батыр көшелерінің қиылысындағы Медеу аудандық әкімшілігі ғимараты алдына таңғы 8.00-де жиналуы қажет. Тазалық шарасына аудан әкімі Сұлтанбек Мәкежанов, аудандық әкімшілік қызметкерлері мен жастар ұйымдарының өкілдері қатысады. Сенбілік барысында Бутаковка шатқалы мен өзені бойы қоқыстан арылып, тазаланады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть