Бүгін алматылықтар, ҰОС ардагерлері, интернационалист-ұландар, колледж бен мектеп оқушылары қазақтың қаһарман қыздары Әлия мен Мәншүктің ескерткішінің алдында сұрапыл соғыста қаза болғандарды құрметпен еске алып, рухына тағзым етті.
«Әлия мен Мәншүк апаларымыздың ескерткіші алдында «Көктемгі мейірім» акциясын өткізу жыл сайынғы дәстүрге айналды. Ардагерлер қасық қаны қалғанша айқаса отырып, жауды жеңді. Ерлік әрқашан халық жадында сақталады. Бүгінде 70 жыл өтсе де, ардагерлердің өмірі мен ерлігі келер ұрпақ үшін үлгі-өнеге болып қалмақ. Мемлекет басшысы айтқандай, біз сол кісілердің арқасында бақытты ғұмыр кешіп жатырмыз. Сіздердің алдарыңызда мәңгілік қарыздармыз», — деді «Нұр Отан» партиясының Алмалы аудандық бөлімшесі төрағасының бірінші орныбасары Найля Ордабаева.
Акция барысында жиналғандар бір минут үнсіздік жариялап, ескерткішке гүл шоқтарын қойды.
