Бұл туралы қала әкімінің баспасөз хатшысы Әсет Мұқажанов хабарлады.
"20 қыркүйекте Момышұлы мен Рысқұлов көшелерінің қиылысындағы жаңадан салынып жатқан мейрамхана жанында жер асты жұмыстарын жүргізу кезінде Нұркент 1-2 (Атлеттер ауылы), Алмалы ықшамаудандары мен №201 мектеп пен балабақшаны электр жарығымен қамтамасыз ететін кабель зақымданған.
Соның салдарынан 5365 жеке және 44 заңды тұлға жарықсыз қалған.
Апатты жоюмен «АЖК» АҚ-ның 3 арнайы техникасы және 5 жұмысшы айналысуда. Кешкі сағат 19.00-де электр жарығы қайта берілетін болады", — деді баспасөз хатшысы.