Дыбыс жазу студиясында күнде дайындық. Дүбірлі шараның 15 жылдық мерейтойына қатысушыларға қойылатын талап та қатаң. Атақты киносыншылардың қырағы сынынан өтіп, «Оскарды» алған фильм әндерін орындау үлкен жауапкершілікті талап етеді. Қыркүйектің 6-сында алматылықтар мен қала қонақтары сағындырған сазды тыңдап, құлақ құрышын қандырмақ.
Равиль Исаков, «The Jigits» тобының әншісі:
— «Алматым – іңкәрім менің» фестиваліне қатысу – біз үшін үлкен мәртебе. Біз биыл «Елес аулаушылар» фильмінің саунд-трегін орындайтын болдық. Қатысушыларға арнайы костюмдер тігіліп жатыр. Биылғы фестиваль бұрынғылардан ерекше болмақ. Қапы қалмаңыздар.