«Алматым - жүрегімде» байқауы биыл өткізілмейтін болды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Алматым - жүрегімде» байқауы биыл өткізілмейтін болды

«Алматым - жүрегімде» байқауы биыл өткізілмейтін болды

Алматыда бүгін қалалық Мәдениет басқармасы қала күніне орай өткізілетін шараларға өзгерту енгізілгенін хабарлады. 

  • 28 Тамыз 2015
  • 425
Фото - Caravan.kz


Биыл «Алматым — жүрегімде» қала туралы ән байқауы өткізілмейтін болды. 

«Белгілі бір себептерге байланысты «Алматым — жүрегімде» ән байқауы өткізілмейтін болды. Мұның алдында да байқауды екі жылда бір өткізсек деген ой болған еді. Өйткені қатысуға үміт білдіргендердің саны аз. Былтыр осы уақыт аралығында 30 адам өтініш білдірсе, биыл 4-ақ үміткер бар. Екі жылда бір өткізсек, әлеуетті қатысушылардың санын мен сапасын арттыруға болады», — деді қалалық Мәдениет басқармасының басшысының міндетін атқарушы Маркен Ахметов.
Сондай-ақ өткізілетін 50 іс-шараның бірі — 29 тамызға межеленген аспаздық жекпе-жегі өтпейтін болды. 
Сонымен қатар «Біздің Сайран» мерекелік шарасын өткізу мәселесі де талқыланып жатыр. 
«Қазір қалалық ІІД өкілдерімен сөйлесіп жатырмыз. «Біздің Сайранды» өткізуге қаладағы көлік жүктемесі кедергі болмай ма? Көліктік логистиканы қалай шешуге болады? Сол мәселелерді қарап жатырмыз», — деді М.Ахметов.
Оның айтуынша, 20 қыркүйекте қала күні мейрамына орай безендірілген 15 автобус қала қонақтарын Президент паркінен орталық паркіне дейін тасымалдайтын болады.

Соңғы жаңалықтар