желтоқсанға қарай қабылданатын болады, деп хабарлады Қазақстан Ұлттық банк жетекшісі Қайрат Келімбетов.
" Алматыны 2020 жылға дейін қаржылық орталық ретінде дамытудың тұжырымдамасы қайта қаралып, бұл құжат 2014 жылдың 1-ші желтоқсанына дейін қабылдануға тиіс, деген шешім қабылданды. Құжатты дайындау үшін бүкіл мемлекеттік органдар тартылып, Еуропалық қайта құру мен даму банкісінің, Азиялық даму банкісінің, Дүниежүзілік банктің, Ислам даму банкісінің консультанттары қатыстырылады", деді Қ.Келімбетов Астанада дүйсенбіде баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, бұл стратегиялық құжат болмақ, онда Алматы қаласының инфрақұрылымын дамыту, бизнес-ортаны, іскерлік ахуалды жақсарту мәселелері ескеріледі, Аймақтық қаржылық орталық академиясы жұмысын қайта қолға алу, сәйкесті мамандар даярлаушы жаңа оқу орталығын құру мәселесі де бар. "Лондон Сити секілді аймақтық қаржылық орталық құру мәселесі ауқымды мәселе болмақ. Біздің ойымызша, ең жақсы режим ол арнайы қаржылық аумақ режимі болмақ, қазір бұл мәселе қосымша пысықталып отыр", деді ол.
29- мамыр күні Астанада Жоғары Еуразиялық экономикалық одақтың отырысы барысында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алматыда 2025 жылдан бастап Еуразиялық экономикалық одақтың қаржылық рыноктарын реттеу жөніндегі ұлт үстілік орган орналасады, деп хабарлаған және ол уақытты күтпестен Алматыны Еуразиялық экономикалық одақтың қаржылық орталығы ретінде құру бастауды ұсынған болатын.