Алматының 1000 жылдығына наразы топтар пайда бола бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматының 1000 жылдығына наразы топтар пайда бола бастады

Алматының 1000 жылдығына наразы топтар пайда бола бастады

Ғаламторда Алматының 1000 жылдығына наразы топтар пайда бола бастады. Олар тіпті өз қарсылықтарын әртүрлі суреттер мен жазбалар қалдарып

  • 19 Қыркүйек 2016
  • 998
Фото - Caravan.kz

Ғаламторда Алматының 1000 жылдығына наразы топтар пайда бола бастады. Олар тіпті өз қарсылықтарын әртүрлі суреттер мен жазбалар қалдарып білдіре бастаған. Бұл туралы Caravan.kz тілшісі хабарлады.

Мәселен Нұрлан Баймұхаметов есімді желі қолданушысы Алматы қаласына ешқандайда 1000 жыл емес, бар болғаны 162 жыл деп жазыпты фейсбуктегі жеке парақшасында. 

Ол өз ойын былай сабақтапты:

«Мен өз Алма-Атамды жақсы көремін! Мен жалпы қазір бұрмалаушылық кезінде өмір сүріп жатқанымызды түсінемін. Бірақ Алматыға 1000 жыл деп бізді неге ақымақ санайды. Мүмкін Алматы қалашығына шынында 1000 жыл шығар, бірақ ол қандай ғылыми негізге сүйеніп айтылған нәрсе. (1271 жыл саны белгіленген тыйын табылды және басқа айғақтар дегені болар) Егер ертең Астанға 2 мың жыл десе таң қалмаймын. Дәл осы арада бір жолдас шығып, біздің дала аңыздарымызды герман-скандинавия эпостарымен салыстырады ( «Нибелгундар сақинасы» және «Роландо туралы ән» және т.б. Ал одан соң біздің дөңгелекті, бытыра мен компасты ойлап тапқанымыз белгілі бола қалады) Осының бәрі Қара теңізді қазатын ежелгі укрларды еске түсіретіні күдікті. Қане, осы былжырақтың бәріне бізді сендіріп, ақымақ қылғандарына жол бермейікші. Туған күніңмен сүйікті қалам! Алма-Ата, 162 жылдығыңмен!»,-депті Нұрлан Баймұхаметов есімді желі қолданушысы.

Осылайша ол Алматы қаласының туған күні Верный бекінісінің алғашқы кірпіші қаланған күннен басталғанын ашық меңзейді.


Соңғы жаңалықтар