Алматының екі базарының сатушылары ереуіл жариялады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматының екі базарының сатушылары ереуіл жариялады

Алматының екі базарының сатушылары ереуіл жариялады

Алматы. 23 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - "Барахолканың" құрамына енетін бірнеше базардың сатушылары кеше ереуіл жариялады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі бастамашылар тобына сілтеме жасай отырып.

  • 23 Сәуiр 2008
  • 497
Фото - Caravan.kz

«Бүгін бірнеше базардың, атап айтқанда, «Болашақ», «Құлагер» және тағы басқасының сатушылары жұмысқа шыққан жоқ. Біз базар дирекциясынан жалға алу құнын төмендетуді талап еттік», — деп түсіндірді сейсенбі күні бастамашылар тобының өкілі Жанна Жаржанова.

Ж. Жаржанованың айтуынша, әрбір бутиктен алынатын мемлекеттік жал құны ай сайын 95 мың теңгені құрайды. Бұған тікелей базар басшылығы алатын төлем қосылады. Жалпы сома айына 390-430 мың теңге. Әрбір бутикті орта есеппен 10 кәсіпкер жалдайды. Осылайша әрбір кәсіпкерден ай сайын алынатын жалға алу құны 40-45 мың теңге мөлшерінде қалыптасады.

«Жақсы сауда жүріп тұрған кездерде біз мұндай жалға алу құнын төлей алатын едік. Өйткені ол кездерде айына 80-90 мың теңге табатынбыз. Қазір «барахолкаға» халық аз келеді. Сондықтан, тек 50-60 мың маңайында ғана табамыз. Барлығы дерлік арендаға кетеді», — деді Ж. Жаржанова.

Кәсіпкерлер базар дирекциясынан жалға алу құнын 50 пайызға төменетуді сұраған. «Бізге базар дирекциясының мұндай мәселені шешуге құзыры жүрмейді деп жауап берді. Мұны тек базар иелері ғана шеше алады. Алайда олармен қазір келісу мүмкін емес. Көпшілігі сапарлап кеткен. Олар келе салысымен мәселені шешу үшін бізді олармен кездестіреді», — деді Ж. Жаржанова.

Базар қожайындарын күту кезінде кәсіпкерлер ереуілді тоқтатуға шешім қабылдаған. Олар бүгін өз жұмыс орындарына шығуды жоспарлап отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті