Жарияланды: 380

Алматының Esentai Mall тұрағында жаппай төбелес болды

Алматының Esentai Mall тұрағында жаппай төбелес болды

Оқиға орнына келген Бостандық аудандық полиция қызметкерлері төбелеске қатысқан он шақты адамды АІІБ-ге жеткізді.

Алматыда үш көлік соқтығысып, соның салдарынан жаппай төбелес болды, - деп хабарлайды "СТВ" телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі. Оқиға түнгі уақытта әл Фараби даңғылының бойында орналасқан Esentai Mall сауда орталығының тұрағында болды. Алдын ала болжам бойынша, Toyota Camry тұрақтан қозғала бергенде батысқа қарай кетіп бара жатқан Lexus жол талғамайтын көлікпен бетпе-бет соғысқан. Осыдан кейін седан жанында тұрған Mercedes көлігіне соғысады. Жол-көлік оқиғасы салдарынан Camry автомобилінде болған үш адам зардап шегіп, ауруханаға жеткізілді. Жол апатынан кейін жолаушылар мен жүргізушілер арасында жанжал шығып, төбелес болған. Соның салдарынан тағы үш адам ауруханаға жеткізілді. Оқиға орнына келген Бостандық аудандық полиция қызметкерлері төбелеске қатысқан он шақты адамды АІІБ-ге жеткізді.
 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін