Алматының есірткі полициясы үш килодай ауған героинін тәркіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматының есірткі полициясы үш килодай ауған героинін тәркіледі

Алматының есірткі полициясы үш килодай ауған героинін тәркіледі

Алматының есірткі полициясы ауған героині тасымалданатын кезекті ұлтаралық каналды таратты,

  • 13 Маусым 2014
  • 340
Фото - Caravan.kz

деп хабарлады ІІМ есірткіге қарсы күрес комитетінің баспасөз қызметінен.

"Ауқымды "Көкнәр-2014" операциясы барысында 50 жастағы қала тұрғыны ұсталған, қосалқы бөлмені қарау кезінде ол жерден скотчпен оралған үш орауыш табылған, оның ішінде ұнтақ тәрізді сарғыш зат болған".

Сараптама бұл заттың героин екендігін көрсетті, салмағы 2 кило 959 грамм.

"Есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімшесі қызметкерлерінің жақсы жұмысының арқасында қалаға есірткінің 15 000 дозасының жеткізілуіне тойтарыс берілді, есірткі сатушылар 319 891 АҚШ долларынан айырылды", делінген онда.


Ұсталған адам бұрындары республиканың ҚК 259 бабы бойынша сотталған. Ол қазір тергеу изоляторында.