Алматының күл-қоқысы Шығыс Еуропаға экспортталады - kaz.caravan.kz
  • $ 491.37
  • 570.48
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматының күл-қоқысы Шығыс Еуропаға экспортталады

Алматының күл-қоқысы Шығыс Еуропаға экспортталады

Алматы әкімдігі осындай жобаны мақұлдады. Құны 540 млн АҚШ доллары болатын жоба «Алатау» арнайы экономикалық аймағында жүзеге асырылатын болады. 

  • 5 Желтоқсан 2014
  • 261
Фото - Caravan.kz

Зауытта қаладағы №1,2,3 Жылу энергостансаларынан шыққан күл-қоқыс өңделіп, құрылыс материалдарын жасайтын шикізат жасалады.

«Бұл жобаның ең маңыздылығы өнімнің экспортқа бағытталғандығында. Негізінен бұл шикізат Шығыс Еуропаға, Чехия мен Венгрияға экспортталады», — деді Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ербол Шорманов.

Оның айтуынша, зауытты салу Алматының экологиялық ахуалын жақсартуға мүмкіндік береді.


«Қазір қалада 2 млн. тоннаға жуық күл-қоқыс сақталып отыр. Бір ғана жылыту маусымынан кейін 600 мың тонна күл шығарылады. Жаңа жоба сәтті жүзеге асса, осындай үлкен экологиялық мәселенің де шешімін табуға болады», — деді Е.Шорманов.