Жарияланды: 450

Алматының тәртіп сақшылары ірі көлемдегі алаяқтық істі әшкереледі

Алматының тәртіп сақшылары ірі көлемдегі алаяқтық істі әшкереледі, деп хабарлады қаланың ІІД баспасөз қызметі.

Өзін кәсіпкер ретінде таныстырған 57 жасар Зухра қылмыстық ортада банктерден кепiлдiкте тұрған пәтерлерді арзан бағамен алып беруде мүмкiндiгi бар екендігін мәлімдеумен көзге түскен. "Осы уақытта бұл әйел ломбардтардың бірінің директоры болып, елдерге қарыз берген. Алғашқы кезде ол өз клиентінен екі бөлмелі пәтер алып берем деп 60 мың доллар алған, одан әрі элиталық үйлер үшін ірі көлемде қаражаттар ала бастаған. Ақшаны алу барысында ол сатып алу мен сату туралы келісім-шартқа отырып, өз ЖШС-нің ресми реквизиті мен мөрлерін қорықпай пайдаланған. Уақыт өте келе жәбірленушілер алаяқтың құрығына іліккенін сезеді", - дейді Медеу ауданы ЖПБ-ның бастығы полковник Бақыт Қасабеков. Алданған азаматтар полиция көмегіне жүгінген. Кешенді түрде жүргізілген жедел-іздестіру шараларының арқасында тәртіп сақшылары алаяқты ұстады. "Ол ылғи да тұрғылықты жерін ауыстырып отырған. Осы аралықта бізге алаяқтың құрығына іліккендер көптеп шағымдана бастады. олардың саны бүгін 20-ға жетіп отыр. Басында күдікті жұрттан ақша алғандығын жоққа шығарып, қарсылық көрсетті. Дегенмен нақты дәлелдердің көптігінен ол тағылған барлық айыпты түгелдей мойындады", - деп атап өтті полковник. Көптеген адамдарды алдап, олардың обалына қалған әйел қазіргі сәтте сот санкциясымен қамауда отыр. Осы іс бойынша ҚР ҚК-ның 177-бабына сай тергеу жұмыстары үргізілуде.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін