Алматының тергеу оқшаулағышына қамалған адамға қорғаушысы ірі ақша сомасын бермек болған - kaz.caravan.kz
  • $ 491.37
  • 570.48
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматының тергеу оқшаулағышына қамалған адамға қорғаушысы ірі ақша сомасын бермек болған

Алматының тергеу оқшаулағышына қамалған адамға қорғаушысы ірі ақша сомасын бермек болған

 27 қарашада Алматының тергеу оқшаулағышында қамауда отырған адамға кездесуге келген оның қорғаушысы ірі ақша сомасын бермек болған. 

  • 28 Қараша 2014
  • 366
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы Алматы мен Алматы облысы бойынша ҚАЖ департаментінен хабарлады.

«Қырағылық танытқан мекеменің қызметкерлері оны тексеру кезінде жүз мың теңге сомасындағы ақша тапты. Тергеу үшін қамауға алынған  адамға тыйым салынған заттарды беруге ескерту жасалғанына қарамастан, ақша өткізбек болғаны үшін сот шешімімен қорғаушы әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін», — деп хабарлады Алматы ҚАЖ департаментінен.