Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, алғашқы жағдайда «Мерседес» көлігінің жүргізушісі қарсы бағыттағы жолға шығу арқылы жол жүру ережесін өрескел бұзған. Көлік жүргізу куәлігі мен көліктің техникалық құжатын көрсетудің орнына ол инспекторға күш мекемелерінің бірінің қызметкерінің қызметтік куәлігін көрсеткен.
«Тіпті жай көзбен-ақ оның қолдан жасалғанын анықтауға болар еді. Қағаз сапасы көңіл көншітерліктей емес еді. Майор формасындағы ер адамның суреті графика көмегімен салынған. Бірақ ең бастысы — азаматтың жүріс-тұрысы күдік тудырды. Ол күйгелектенсе де, құқық қорғау органының қызметкері еместігін мойындаудан бас тартты», — деп хабарлады Алматы қалалық ІІД жол полициясы басқармасы бастығының орынбасары полиция полковнигі Александр Васильев.
Тұтқындалған өз кінәсін тек жоғарыда көрсетілген мекеменің нағыз қызметкерлері келгенде ғана мойындады. Мекеме қызметкерлері одан өз әріптестерін тани алмады.
Тағы бір жалған құжаттың иегерін полиция қызметкерлері жоғарыдағы оқиғадан бірнеше сағат өткен соң тұтқындаған. «Лексус» автокөлігіндегі жас жігіт шұғыл өткізу құжатын көрсетті. Ол құжат бойынша барлық жерде еш кедергісіз жүруге болады. Тұтқындалған жүргізуші жалған құжатты жасаудың әдіс-тәсілдерін хабарлаудан бас тартты.
«Екі оқиға бойынша да қылмыстық істер қозғалды. Біз бұл жүргізушілердің қалайша және кімнің көмегімен бұл құжаттарды алғанын анықтаймыз», — деді А. Васильев.
Жол полициясы басқармасы бүркемеленген әйнегі бар автокөліктерді анықтау шараларын жүргізуді жалғастыруда. Тек бір ғана жұмыспен өтеу кезінде аталмыш заң бұзушылыққа жол бергені үшін жүзден астам көлік иелеріне шара қолданылған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті