«Алматы-Қарағанды-Астана-Ақтөбе» жаңа әуе рейсі іске қосылды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Алматы-Қарағанды-Астана-Ақтөбе» жаңа әуе рейсі іске қосылды

«Алматы-Қарағанды-Астана-Ақтөбе» жаңа әуе рейсі іске қосылды

6 сәуірден бастап Алматы-Қарағанды-Астана-Ақтөбе бағытындағы жаңа әуе рейсі іске қосылды, деп хабарлады Қарағанды облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасынан.

  • 6 Сәуiр 2015
  • 332
Фото - Caravan.kz

«Жаңа әуе рейсін Bek Air әуе компаниясы ашты. Бұл бағытта аптасына екі рет — дүйсенбі және жұма күндері Fokker-100 әуе кемесі ұшырылады. Алдағы уақытта рейстердің саны көбеюі мүмкін. Билеттер құны 7 мың теңгеден басталады», — делінген хабарламада.

Қарағанды әуежайынан Астанаға дейін ұшу уақыты 30 минутты,  Ақтөбеге дейін 3 сағат 50 минутты құрайды.

Қарағанды облысында көптен бері елорда мен батыс аймақтарға ұшатын рейске қажеттілік туындағаны айтылады. Бұл бағыт бойынша тиісті жұмыстар жүргізілді, түрлі нұсқалар қаралды.

«Көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамытуға бағытталған «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатын жүзеге асыру  ішкі бағыттағы әуе желілерінің дамуына серпін берді. «Алматы-Қарағанды-Астана-Ақтөбе» әуе рейсінің ашылуы хаб принципі бойынша елдің макроаймақтарын құру бағытында алға қойған мақсатқа жету жолындағы қадам», — деп тап өтті  Қарағанды облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасынан.


Рейс кестесі жолаушылардың ыңғайына қарай құрастырылды.