Алтай Көлгінов: Нұр-Сұлтан - Еліміздің бірлігі мен ынтымағын арттырған үлкен қала - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алтай Көлгінов: Нұр-Сұлтан - Еліміздің бірлігі мен ынтымағын арттырған үлкен қала

Алтай Көлгінов: Нұр-Сұлтан - Еліміздің бірлігі мен ынтымағын арттырған үлкен қала

Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов Елорда күні мерекесіне арналған видеоқұттықтау жариялады.

  • 6 Шiлде 2020
  • 24
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап хабарлайды.

«Құрметті Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары мен қонақтары! Сіздерді Елорда күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Биылғы қала күні мерекесі бас шаһарымыздың негізін қалаған бас сәулетшісі – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 80 жас мерейтойымен тұспа-тұс келіп отыр. Деніне саулық, әулетіне амандық, ұзақ өмір тілеймін! Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің қазығын қағып, елдігімізді қалыптастырған республикамыздың әлеуетін арттырған Тұңғыш Президентіміздің еңбегін ұлтымыз әрдайым жоғары бағалайды. Тарихи өлшеммен алып қарағанда өте қысқа уақыттың ішінде қабылданған шешімдері мен ұлт үшін атқарған еңбегі мың өліп, мың тірілген халқымызды аңсаған арманына жеткізді. Тәуелсіздіктің бастапқы жылдарында әлеуметтік-экономикалық жағдайы өте төмен халықты ыдыратпай, керісінше береке-бірлігін арттырып, қуатты елге айналдырғанынан тарих куә», — деді әкім.

Алтай Көлгінов Н.Назарбаевтың ел астанасын Есіл бойына көшіру туралы шешімі бүгінде тұтас ұлттық идеяға айналғанын атап өтті. 

«Тәуелсіз ел ретінде астанамызды алғаш рет өзіміз таңдап, әсем шаһар салынды. Осы жылдар ішінде елорда Еуразияның ірі саяси, экономикалық, мәдени орталығына айналды. Нұр-Сұлтан қаласы – Тәуелсіз Қазақстанның ең үлкен жетістігі. Бүгінде елордамыз миллион түрлі тағдырды тоғыстырған, еліміздің бірлігі мен ынтымағын арттырған үлкен қала. Құрметті қала қонақтары мен тұрғындары! Әлемдік пандемияға байланысты біз жоспарларымызға өзгерістер енгіздік. Көптеген іс-шаралар онлайн түрде өткізілетін болады. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін», — деді қала әкімі.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

A post shared by Алтай Кульгинов (@altay_kulginov_official) on

 

Соңғы жаңалықтар