"Алтай" Қазақстан кубогына қатысудан бас тартты - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Алтай" Қазақстан кубогына қатысудан бас тартты

"Алтай" Қазақстан кубогына қатысудан бас тартты

Шығыс Қазақстан облысының намысын қорғайтын "Алтай" клубы Қазақстан кубоғына қатысудан бас тартты. Бұл туралы  журналист Айдын Қожахмет өзінің твиттер парақшасында хабарлады.

Тоғыз команда қатысатын Қазақстан кубогының бірінші кезеңі Шымкентте өтіп жатыр. Өздерінің бірінші кездесулерін "Алтай" 1 сәуір күні "Қыран" командасына қарсы өткізу керек еді. Vesti.kz мәліметі бойынша, клуб әлі Шымкентке келмеген.

  • 31 Наурыз 2017
  • 421
Фото - Caravan.kz

Еске салайық, "Алтай" жыл басында ҚФФ-ның шешімі бойынша Премьер-лигаға қатысатын клубтардың қатарынан шығып қалған еді. Оған себеп — клубтың сертификациядан өте алмауы. Сөйтіп "Алтайдың" орнын "Тараз" басты.




 

Соңғы жаңалықтар