Алтел компаниясының абонеттер саны 3 миллионға жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 486.65
  • 524.46
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алтел компаниясының абонеттер саны 3 миллионға жетті

Алтел компаниясының абонеттер саны 3 миллионға жетті

22 қазан күні Алтел компаниясының абонеттер саны 3 миллионға жетті. Компанияның үш миллионыншы абоненті Қарағанды облысында тұратын жас кәсіпкер екен. 

  • 30 Қазан 2015
  • 296
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін БАҚ өкілдермен таңғы аста кездескен «Алтел» АҚ-ның бас коммерциялық директоры Ирина Савина мәлім етті.

«Осы жылдың мамыр айында ғана компания екі миллионшы абонентін тіркеген еді. Бүгін міне, бүгін  абоненттеріміздің саны үш миллион адамға жетіп отыр. Алдағы уақытта  біздің қызметті тұтынатын халықтың саны бес, алты, тіпті одан да көп адамға жетеді, оған күмәндеріңіз болмасын»,-деген коммерциялық директор компанияның абонеттері көбіне интернетті қайда жұмсайтынын айтты.

«Қазір Қазақстанда 18 жастан асқан тұтынушылардың 58 пайызы смартфон, 18 пайызы планшет, 52 пайызы компьютер қолданады. Бұл ретте, «Алтел» компаниясының барлық тарифі халықтың қалтасы көтеретін қызметтер екенін ерекше айта кеткім келеді. «Алтел» қызметінің абонеттері тұтынатын трафик 30 Гегабайттан асты. Енді, абонент орта есеппен интернетті қайда жұмсайтынына тоқталсақ. Қыркүйек айының статистикасына сүйенсек, «Алтел» қызметін пайдаланушы бір абонент трафиктің 55 пайызын онлайн режімде видео көруге жұмсаса, трафигінің 22 пайызын веб-браузерлерді қарауға шығындайды екен»,-дейді

И.Савина тағы  бір қызықты статистиканы ұсынды. Оның айтуынша, интернет пайдаланушылардың 22 пайызы теледидардан гөрі видеоны интернеттен көреді екен. Бұл қолданушылардың 70 пайыздан астамы «Youtube» сайтының қызметінен көп тұтынатын көрінеді.  «Бұл статистика өсе береді. Себебі, Қазақстанда технология мен «4G» желісі дамып келеді, интернеттің қолжетімділігі артып келеді»,-дейді И.Савина.