Жарияланды: 310

Алты баланы ажалдан аман алып қалған жігіт жұрттың алғысына бөленді

Алты баланы ажалдан аман алып қалған жігіт жұрттың алғысына бөленді

Иорданиялық мұсылман жігіті ойламаған жерден қаһарманға айналып шыға келді.

Әлеуметтік желі қолданушылары оған «аквамэн» деп  ат қойып, алты баланы ажалдан алып қалғаны үшін алғыстарын білдіруде.

Амман қаласындағы суға батқан көпқабатты үйдің төменгі қабатында қалып қойған балаларды құтқару үшін Ракан Ктейшат есімді жігіт барын салып жанталасады. Сарылдап аққан сумен тайталаса жүріп ол терезенің темір шарбағын ашуға әрекет жасайды. Зорға дегенде темір шарбақты босатқан ол су ағынымен жерге құлап түседі.

Ракан ол жерден алты баланы аман алып шығады. Олардың арасында бір жасқа енді толған сәби де болған. Ракан Ктейшат кейінірек берген сұхбатында өз өміріне төнген қауіпті, тіпті ойламағанын айтады, деп жазады muslim.kz.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін