"Алтын Орда" маңындағы жолайрыққа асфальт төсеу жұмыстары басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.72
  • 482.28
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Алтын Орда" маңындағы жолайрыққа асфальт төсеу жұмыстары басталды

"Алтын Орда" маңындағы жолайрыққа асфальт төсеу жұмыстары басталды

 

  • 21 Маусым 2021
  • 72
Фото - Caravan.kz

"Алтын Орда" базары маңындағы жолды асфальттау және бетондау жұмыстары басталды, — деп хабарлайды Caravan.kz порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Компания мәліметі бойынша, құрылысшылар "таға" түріндегі жолды асфальттауға кіріскен. Сондай-ақ, олар негізгі магистраль эстакаданы бетондаумен айналысады.

Осы уақытқа дейін негізгі автожол ашылып, жарықтандыру құрылғылары бойынша жұмыстар аяқталған. Бұдан бөлек, темір-бетон плиталарын металл конструкцияларына монтаждау, сондай-ақ металл конструкциялары мен құрылыс қалыптарын монтаждау жұмыстары жүріп жатыр.

"Шілденің басында асфальт-бетон жабынын орнату және абаттандыру жұмыстары аяқталғаннан кейін "таға" түріндегі эстакада арқылы қозғалысты ашу жоспарланып отыр. Нысанда 100-ге жуық адам мен 15 арнайы техника жұмыс жасап жатыр. Екі ауысыммен жұмыс ұйымдастырылды", — деді "ҚазАвтоЖол" өкілі.


Нысанды аяқтау 2021 жылғы қазанға жоспарланған және индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұловтың ерекше бақылауында.

"Мемлекет басшысы 2021 жылдың қазанында эстакада салумен "Алтын Орда" базарының жанындағы Алматы — Бішкек автожолының жүру бөлігін кеңейту бойынша күрделі жөндеуді аяқтау қажеттігі туралы тапсырма берді", — делінген компания хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар