«Алтын сапа» жеңімпаздары эмблемасын 4 жыл бойы пайдалана алады - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Алтын сапа» жеңімпаздары эмблемасын 4 жыл бойы пайдалана алады

«Алтын сапа» жеңімпаздары эмблемасын 4 жыл бойы пайдалана алады

«Алтын сапа» және «Қазақстанның үздік тауары» сапа конкурстарында жеңіске жеткен қатысушылар сыйлық эмблемасын жарнама мақсатында 4 жыл бойы пайдалану құқығын алады.

  • 24 Маусым 2014
  • 491
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін Астанада өткен брифингте ҚР ИЖТМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Астана қалалық департаментінің бас маманы Ақмарал Қабылова айтты.

Оның мәліметінше, бұл 2006 жылғы ҚР Президенті Жарлығына енгізіліп отырған өзгертулер мен түзетулердің ең негізгісі болып табылады.

«Сонымен қатар, «Алтын сапаның» жеңімпаздары Қазақстан атынан халықаралық, соның ішінде ТМД аумағындағы сайыстарға қатыса алады. Ал Достастық елдері арасында жеңіске жеткен қатысушылар Еуразиялық сапа сыйлығы конкурсына ТМД атынан қатысады», — деп атап өтті А. Қабылова.  

Маманның айтуынша, әр аталымда шағын, орта және ірі кәсіпкерлік санаттары бойынша 3 сыйлықтан берілетін болады.


Айта кетейік, конкурсқа қатысу үшін өтінімді 2014 жылдың 1 тамызына дейін тапсыру қажет. Толық ақпаратты 79-33-37, 79-33-38 телефондары арқылы алуға болады.