«Алтын тобылғы» - өзіңді танытудың мол мүмкіндігі - kaz.caravan.kz
  • $ 480.72
  • 548.07
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Алтын тобылғы» - өзіңді танытудың мол мүмкіндігі

«Алтын тобылғы» - өзіңді танытудың мол мүмкіндігі

«Алтын тобылғы» әдеби байқауына өтінімдер қабылдануда

  • 5 Қазан 2018
  • 27
Фото - Caravan.kz

«Алтын Тобылғы» әдеби сыйлығын жеңіп алу үшін жыл сайынғы байқауға қатысуға өтінімдер әлі қабылдануда.

Байқаудың ұйымдастырушысы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының қоры болып табылады. Байқауды өткізудің серіктестері: Қазақстан Жазушылар одағы және Мемлекеттік тілді дамыту қоры. Оның мақсаты — қазіргі заманғы қазақстандық көркем әдебиетін дамыту, оған қолдау көрсету және танымал ету.

Байқауға 18-35 жас аралығындағы қазақ және/немесе орыс тілдеріндегі жас жазушылардың шығармалары қабылданады.

Жүлде байқау негізінде төмендегі номинациялар бойынша тағайындалады:

— «Жылдың үздік прозасы»;

— «Жылдың үздік поэзиясы»;

— «Жылдың үздік драматургиясы»;

— «Жылдың балаларға арналған үздік шығармасы»;

— «Астананың 20 жылдығы» тақырыбына арналған үздік әдеби туынды.


Әрбір номинация жеңімпазына «Алтын тобылғы» әдебиет жүлдесінің лауреаты атағы және 1 миллион теңге көлемінде сыйақы беріледі. 1,5 миллион теңге көлеміндегі арнайы сыйақы «Астананың 20 жылдығы» тақырыбына арналған үздік әдеби туынды номинациясы жеңімпазына беріледі.

Шығармалар 2018 жылғы 1 қарашаға дейін қабылданады. Өтінімдер поштамен Астана қаласы, А.Бөкейхан көшесі, 1 үй, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті — Елбасының Қоры мекенжайына және at2018@fpp.kz электрондық пошта бойынша жіберілуі тиіс. Конкурс ережелері www.fpp.kz сайтындағы «Байқаулар» бөлімінде жарияланды. Байланыс телефоны: 8 7172 708 318.