Жарияланды: 760

Алтынай Жорабаеваны бұрынғы күйеуі Сәбит мырза балдақпен ән айтуға мәжбүрлеген

Алтынай Жорабаеваны бұрынғы күйеуі Сәбит мырза балдақпен ән айтуға мәжбүрлеген

Алтынай Жорабаева бірнеше жыл бұрын ауыр жол апатына ұшырап, тобығын сындырып алған. Ақ халаттылар әншінің құлан таза айығып кететініне күмәнмен қараған. Тіпті, бір аяғың екіншісінен кем болуы мүмкін деп ескерткен. 

Бұл туралы 31 арнаның "Өнер мен өмір" бағдарламасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Сонда балдақпен жүргеніне қарамастан, экс-күйеуі Сәбит оны ән айтып, ақша табуға мәжбүрлеген. 

"Мәжбүр болдым. Өйткені мен оның шешіміне ешқашан қарсы келген емеспін. Тіпті, ауырып жатырмын десем де, "ана жаққа келісіп қойдым" дейді. Сонда Астанаға балдақпен келген сәттерім де болды. "Балдақпен шықпаймын, мұнда неге келе жатырмын?" деймін. "Ұят болады, мен айтып қойдым", - дейтін. Екі бүйірімнен "кетонал" салып шықтым. Аяғымда темірлер. Бір-біріне тиіп, даусы шығады. Өзіме білінеді ғой. Сүйектерім қытырлап жатқан сияқты сезім болады. Сахнаның артына келіп, еңіреп тұрып жылап аламын. Сонда да айта алмаймын. Көріп тұр ғой. Мен оған "неге бүйттің?" деп айта алмаймын, өйткені қорқамын. Аяғым ісіп жылаймын. Ұшақтан түсе салып, көлікте киінетін сәттер болады. Жылаймын кәдімгідей. Макияжым ағып кетеді, оны сүртемін, сонда да былқ етпейді ғой.

Аяғым сынған. Маған қарсы келіп, тежеуішті басқанда, тобығым майдаланып сынып кетті. Жедел жәрдеммен алып барғанда сүйегімді жинай алмай қойды. Мүслім Дайырбеков деген көкеміз бар. Сол кісі бас дәрігерге хабарласа отырып, меңгерушісіне тапсырды. Ертең ән айтуы керек, билеуі керек, биік өкше киюі керек, мына қыз аяққа тұруы керек дегендей... Содан қайта операция жасап, аппарат салып берген болатын. Бірақ: "Енді тақа кимейсің, аяғыңды сілтеп басасың. Бір аяғың екінші аяғыңнан қысқа болатын шығар", - деді. Содан күйзеліске түстім", - дейді Жорабаева. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін