Аман ағамыз ауырып жатыр. Ал Кремль оған ізбасар іздеп әлек болуда - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Аман ағамыз ауырып жатыр. Ал Кремль оған ізбасар іздеп әлек болуда

Аман ағамыз ауырып жатыр. Ал Кремль оған ізбасар іздеп әлек болуда

Кремльде Кемеров облысының губернаторы болуға лайық адамдардың тізімі жасалған. Өйткені бұл аймақтың қазіргі басшысы Аман Төлеев мемлекеттік қызметтердің еңбек демалысына берілетін 45 күн мерзім бітсе де жұмысына шықпапты.

  • 7 Шiлде 2017
  • 4860
Фото - Caravan.kz

«Коммерсанттың» хабарлауынша, Ресей президентінің әкімшілігі аталған орынға үміткер ретінде 20 адамды қарастырып жатыр екен. Олардың ең белділері – Төменгі Тагил қаласының басшысы Сергей Носов пен Мемлекеттік Думаның Кузбастан депутаты Дмитрий Исламов, деп жазады «Московский комсомолец».

Кемеров облысы әкімшілігінің аппаратына жақын адамдар Сергей Носовтың әлден-ақ аймақтың шенеуніктерімен танысып жатқанын жеткізді. Дегенмен, оның мұнда губернатор болатынына жүз пайыз кепілдік жоқ. Өйткені Аман Төлеев оған қарсы шығып, облысты жергілікті адам басқаруы керек деген болатын.

Енді аймақтың жаңа басшысын тұрғындар 12 шілдеде таңдауы мүмкін.


Айта кетейік, қазір Аман Төлеев омыртқасына Германияда жасалған отадан кейін Мәскеуде емделіп жатыр. Оның жағдайы өте ауыр деп саналуда.

Соңғы жаңалықтар