Аман Төлеев Кузбасс басшысы сайлауында рекорд орнатты - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+3 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Аман Төлеев Кузбасс басшысы сайлауында рекорд орнатты

Аман Төлеев Кузбасс басшысы сайлауында рекорд орнатты

 1997 жылғы шілдеден бастап РФ Кемеров облысының басшысы болып келген 71 жастағы Аман Төлеев өзінің сайлаудағы рекордын жаңартты. 

  • 14 Қыркүйек 2015
  • 708
Фото - Caravan.kz

Кемерово облысы сайлау комиссиясының деректеріне сәйкес өткен жексенбіде губернаторлық сайлауда ол 1,7 млн дауыс жинады, бұл дауыс беруге қатысушылардың 96,79 пайызы. Сондай-ақ өткен екі губернаторлық сайлауға қарағанда едәуір жоғары, деп хабарлады kommersant.ru. 

1997 жылы Аман Төлеевті сайлаушылар қолдауы 94,5 пайызды, 2001 жылы 93,5 пайызды құраған. Бұл губернаторлық мерзім ол үшін бесіншісі, үш рет сайлау арқылы, екі рет президенттік тағайындаумен болды. 13 қыркүйектегі сайлауда екінші орынды 1,72%  дауыспен РЛДП-дан кандидат Алексей Диденко алды, үшіншіні  0,51% дауыспен  РФКП-дан кандидат Виктор Шалманов, «Справедливая Россия»-дан кандидат Владимир Волчек 0,35%, «Патриоты России» үміткері Юрий Скворцов 0,3% дауыс жинады. 

Фото: Дмитрий Азаров


Соңғы жаңалықтар