Амангелді ауданында Кейкі батырдың бас сүйегін жерлеу рәсімі өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Амангелді ауданында Кейкі батырдың бас сүйегін жерлеу рәсімі өтеді

Амангелді ауданында Кейкі батырдың бас сүйегін жерлеу рәсімі өтеді

Қостанай облысында Кейкі Көкембайұлы кесенесінің ашылуына орай өтетін шаралар кестесі жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

  • 8 Қыркүйек 2017
  • 859
Фото - Caravan.kz

Қостанай облысы Аманкелді ауданы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы бағдарламалар тізімін жасады. Сонымен, іс-шаралар 15 қыркүйекте басталады.

Кейкі батырдың бас сүйегін кесенеге жерлеу рәсімі Тасты ауылында сағат 10:00-де өтеді. Содан соң Амангелді, Жанкелдин, Әулиекөл, Наурызым аудандары және Арқалық қаласы өнерпаздарының концерттік бағдарламасы ұсынылады.

Сағат 11:00-де көрермендерді қазақ күресінен республикалық  «Түйе палуан» жарысы күтеді. Одан кейін келген меймандарға киіз үйлерден ас беріледі.

Осы күні сағат 15:00-де кесене маңындағы алаңқайда ат бәйгесі (12-25 шақырым) болады.


«Кейкі батыр: өмірі мен өлімінің тарихы» атты ғылыми-практикалық конференция Арқалық қаласындағы Жас көрермендер театрында ұйымдастырылады. Уақыты — 14:00. Конференциядан соң «Кейкі батыр» спектаклі тамашаланады.

Ал 16 қыркүйек күні сағат 10:00-де Арқалықта «Бас кеспек болса да…» атты республикалық ақындар айтысы өтеді. Батыр Жолайұлы

 

Соңғы жаңалықтар