Би-би-си телерадио корпорациясының бүгін мәлімдегеніндей, зерттеушілер екі шимпанзе бір бананды бөліп жеу керек ойын кезінде бірі екеншісіне бананды тең бөліп беретінін байқаған.
Ғалымдардың пікірі бойынша, эксперимент әділдік сезімі адами қасиет секілді эволюциялық жолмен туындағанын дәлелдейді. Шимпанзелер топ болып өмір сүреді, олар бірге аң аулап, ұрпақ өсіру міндетін бірге бөліседі.