"Америка - жердің жұмағы" деп жазған қазақ қызы сынның астында қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Америка - жердің жұмағы" деп жазған қазақ қызы сынның астында қалды

"Америка - жердің жұмағы" деп жазған қазақ қызы сынның астында қалды

Отандық әлеуметтік желілерде жаңа "хайп" тектес жаңалық пайда болды.

  • 23 Қараша 2017
  • 1071
Фото - Caravan.kz

30 жастағы Ғалия Ысқақова Алматы қаласының тумасы болып табылады. Кезінде Work and Travel бағдарламасы бойынша бірінші рет АҚШ-қа барған қазақ қызы бірнеше жылдан кейін Штаттарға біржола көшіп кетті. 

Ғалия қазіргі кезде Майами қаласында тұрып, орташа бизнеспен қоса шығармашылықпен айналысады.
"Мен би өнерін балаларға үйретіп, өзімнің үлкен би мектебін ашуға бет алдым. Қайырымдылықпен айналысып, "We dance Miami" жобасы аясында би сабақтарын өткізудемін. Бұл керемет мүмкіндіктерге жол ашатын ел" , — деп жазған Ғалия өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

ZTB.kz сайтында шыққан мақалаға
VK әлеуметтік желісіндегі
қолданушылар бірден өздерінің ойларын ортаға салуға ат салысты.

"Жердегі жұмақ — Қазақстан" деген пікірді білдірген қолданушымен қалғандары да келісіп, мақаланың басты кейіпкеріне қатысты теріс ойларын білдіре бастады.

  

Соңғы жаңалықтар