Америкада қамауда отырған Диас Қадырбаевқа қысым көрсетілген - kaz.caravan.kz
  • $ 485.82
  • 554.03
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
29 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Америкада қамауда отырған Диас Қадырбаевқа қысым көрсетілген

Америкада қамауда отырған Диас Қадырбаевқа қысым көрсетілген

АҚШ-та қамауға алынған қазақстандық студенттер төңірегіндегі жағдай нағыз америкалық детективке ұқсап барады. Бостондағы қапаста отырған Диас Қадырбаев Федералдық тергеу бюросы қызметкерлерінің түрлі әдіс-айла қолданып, Жохар Царнаевқа қарсы куәлік етуге мәжбүр еткенін мәлімдеді.

  • 4 Маусым 2014
  • 317
Фото - Caravan.kz


Оның үстіне студент тергеушілердің сөзін онша түсінбегенін айтты. Өйткені ағылшыншаға аса жетік емес. Қадырбаев сондықтан жауап алу кезінде қатты сасқан көрінеді. Әрі оған америкалықтар адвокаттарды да жолатпай қойыпты. Жерлестеріміз Диас Қадырбаев пен Азамат Тәжияқов полицияға Бостондағы жарылыстан кейін Жохар Царнаевтың бөлмесіне барып, ноутбук пен жарылғыш зат салынған дорбаны алып кеткендерін айтқан еді. Сондықтан бұлар сыбайлас деп айыпталуда. Енді екі студент көп мөлшерде айыппұл төлеп, 25 жылға дейін сотталуы мүмкін. Азаматқа қатысты сот процесі осы айдың аяғында басталса, Диастың ісі алдағы күзде қаралады.