Жарияланды: 350

Америкалық парашютсіз 7 шақырым биіктен секірмекші

Америкалық парашютсіз 7 шақырым биіктен секірмекші Сурет - wallpaperscraft.ru

Америка Құрама Штаттарда белгілі скайдайвер Люк Айкинс ұшақтан парашютсіз секіруді жоспарлауда. Жүрек жұтқан экстримал спортшы жерден 7,6 шақырымға көтеріледі, ол 4 кран арасында тартылған арнайы торға секіріп түсуді жоспарлауда, ал арқандармен керілген тор 20 қабат ғимарат биігіндей жерге құрылған.

Айкинс бұған дейін 18 мың рет биіктіктен паршютпен секірген, оның көпшілігін ерекше, қауіпті жағдайда жүзеге асырған. Басын тәуекелге тіккен бұл трюкті Fox News арнасы көрсетеді. Люк бастапқыда ұшақтан 200 метр биіктіктен маникен лақтырып көрген. Онысы керген торды тесіп өтіп жерге құлағаны еш алаңдатпады.

Экстримал атышулы «Темір адам» фильмінде барлық трюктерді өзі орындаған. Сонымен бірге элиталық парашютшілерді жаттықтырумен айналысады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін