Американдық миллиардер Қазақстан қор биржасының акциясын сатып алуға ниетті - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Американдық миллиардер Қазақстан қор биржасының акциясын сатып алуға ниетті

Американдық миллиардер Қазақстан қор биржасының акциясын сатып алуға ниетті

Әлемге аты танымал инвестор әрі миллиардер, бірнеше компанияның негізін қалаған Джим Роджерс  Қазақстан қор биржасының акциясын сатып алуға ниетті.

  • 29 Қазан 2015
  • 544
Фото - Caravan.kz

«Өздеріңізде білетіндей, көптеген жылдар бұрын Қазақстан мұндай дамыған ел болмаған еді. Сондықтан да бұл жерде мүмкіншіліктер аясы өте мол. Мен коммуникация және ауыл шаруашылығы салаларында өз қызметімді бастар едім. Сонымен қатар Қазақстанның қор нарығына да инвестиция салғым келеді», — деді ол «ASTANA INBEST 2015» VI Халықаралық инвестициялық форум аясында өткен баспасөз мәслихатында БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Ол өз сөзінде Мәскеу қор нарығына инвестиция салғанын ерекше атап өтті.


«Қазақстан қор биржасының да акциясын сатып алғым келеді. Жалпы, мұндай сауал маған бірнеше аптадан кейін, яғни, барлығын зерделеп алғаннан кейін қойылғаны дұрыс болар еді», — деді американдық миллиардер.

Мамандығы архитектор Джим Роджерс құрылыс саласына инвестиция салуға құлқы жоқ екендігін де атап өтті.