Әміре: кейде мені "Димашқа жетпейсің" деп жамандап жатады - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
29 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әміре: кейде мені "Димашқа жетпейсің" деп жамандап жатады

Әміре: кейде мені "Димашқа жетпейсің" деп жамандап жатады

Көпшілікке Әміре деген атпен танымал Ернар Садырбаев Витебскте өткен "Славян базары" халықаралық өнер байқауында 1-орын алған болатын.

  • 19 Шiлде 2018
  • 77
Фото - Caravan.kz

"Славян базары" байқауынан бірінші орынмен оралған Ернар Садырбаев Димаш Құдайбергенді қатты сыйлайтынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Славян базары" байқауы осыдан үш жыл бұрын Димаш Құдайбергеннің де жұлдызын жаққан еді. Енді міне Әміре де Димаштың жолын қуып, халықаралық фестивальден жүлдемен оралды.

"Біздің елде де, Беларусьте де Димаш туралы көп естідім. Димашты бәрі өте қатты сыйлайды. Витебскте Димаштың концертінде болдық, Қытайдан, жан-жақтан жанкүйерлері келді. Кейде жұрт мені салыстырып жатады. "Сен Димашқа жетпейсің" деп жамандап жататындар бар. Шын айтсам, сондай адамдарды түсінбеймін. Менің мақсатым ол емес", — дейді Әміре. 

Ол әркімнің өз дара жолы бар екенін атап өтті. 

"Әркімнің Құдай берген таланты бар. Мен Димашты адам ретінде сыйлаймын, жақсы көремін. Оны үнемі айтып жүремін. Онымен баяғыдан таныспыз. Ол менің әріптесім, досым. Әрдайым қолдап жүремін, Димаш та солай. Оған тек қана сәттілік тілеймін", — деді Ернар. 


Айта кетсек, "Славян базары" халықаралық өнер байқауы Беларусьтің Витебск қаласында 12-16 шілде аралығында өтті. Қазақстан атынан қатысқан Ернар Садырбаев бақ сынады.

Қазақстан мен Румыния конкурсанттары бірдей балл жинаған – 156. Алайда әділ қазылар алқасы бас жүлдені Румыния әншісіне беруді ұйғарды. Қазақстан – бірінші, Украина – екінші орын алса, ал үшінші орын Польша мен Беларусь дарындыларына бұйырды.