"Әміре Төреғали сияқты болмайды". Продюсер не деп уәде берді? - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+5 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Әміре Төреғали сияқты болмайды". Продюсер не деп уәде берді?

"Әміре Төреғали сияқты болмайды". Продюсер не деп уәде берді?

Жан Мұқанов Әміренің тойдан емес, концерттен ақша табатынын айтты

  • 19 Шiлде 2018
  • 96
Фото - Caravan.kz

Беларусьте өткен "Славян базары" халықаралық өнер байқауында 1-орын алған Әміренің (шын аты Ернар Садырбаев) продюсері Жан Мұқанов әншінің Төреғали секілді той әншісі болмайтынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Мұқанов Әміренің Ресей телеарналарының бірінде өтетін шоуға сарапшы ретінде шақырылғанын атап өтті.

"20 жастағы жігіт не туралы айта алады? "Славян базарын" жеңген күннің өзінде ол автоматты түрде сарапшы бола алмайды. Жауап ретінде біз Әміренің "1 арнадағы" шоуға қатысушы ретінде бара алатынын айттық", — деді Мұқанов.

Продюсер Ернардың жоспарлары туралы да айтып өтті.

"Оның жаңа образда, қазақстандық әншілер арасында жаңа стилі болады. Қандай да бір прототип жасағым келмейді. Оның той әншісі болғанын қаламаймын. Шынымды айтсам, оның қандай болуы керегін өзім де білмеймін", — деді ол.

Мұқанов Әміренің той әншісіне айналмайтынына уәде берді.


"Оның Төреғали сияқты болмайтынына уәде беремін. Төреғалимен бірге мүмкін болатынның бәрін жасадық. Ал бұл жолы формат басқаша. Таңертең той туралы хабарласты. Біз мұны талқылаған да жоқпыз. Дайын емеспіз, қазір ең бастысы той емес дедік. Қазақстандық әртістер тойдан ғана ақша табатыны жасырын емес. Ал біз концерттен ақша табуға тырысамыз", — деп сөзін түйіндеді ол.

Айта кетсек, "Славян базары" халықаралық өнер байқауы Беларусьтің Витебск қаласында 12-16 шілде аралығында өтті. Қазақстан атынан қатысқан Ернар Садырбаев бақ сынады.

Қазақстан мен Румыния конкурсанттары бірдей балл жинаған – 156. Алайда әділ қазылар алқасы бас жүлдені Румыния әншісіне беруді ұйғарды. Қазақстан – бірінші, Украина – екінші орын алса, ал үшінші орын Польша мен Беларусь дарындыларына бұйырды.

 

Соңғы жаңалықтар