Жаза мерзімі 6 жылдан 4 жылға дейін қысқартылды. Қорғау апелляциялық сотының мұндай шешімімен келіспейді және үкімді қайта қарауға ұсынуға ниетті.
«Қорғау айыптау үкімін толықтай жоюды талап етті. Біз әлі де қорғаймыз. Сот жазаны жеңілдетті, демек, олар заңсыз екенін біледі. Сот неліктен аз уақытын ғана қысқартты, білмеймін, бәлкім оның да себептері бар шығар», — деді сотталушының қорғаушысы Ардақ Балпықов.
Үкім көшірмесін алғаннан кейін қорғаушы кассациялық шағым жазбақ. Қанат Ақылбековты 10 күн ішінде колонияға жазасын өтеу орнына апаруы тиіс.
Еске сала кетейік, сәуірдің соңында «Қазәуенавигация» диспетчері Қанат Ақылбеков 6 жылға бас бостандығынан айырылған. Сот оны 2012 жылғы желтоқсанда Шымкенттен 23 шақырымда ҚР шекара әскерінің АН-72 ұшағының апатқа ұшырауына кінәлі деп тапқан. Оқиға орнында 27 адам қаза тапқан. Бортта ҚР ҰҚК Шекара қызметінің басшы құрамы болған.