Ана мен баланы қорғау – мемлекет дамуының кепілі - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ана мен баланы қорғау – мемлекет дамуының кепілі

Ана мен баланы қорғау – мемлекет дамуының кепілі

Ана мен баланы қорғау кез келген мемлекеттің ішкі саясатының басым бағыты ретінде қарастырылады.

  • 31 Қазан 2022
  • 143
Фото - Caravan.kz

Сонымен қоса, ана мен баланы қорғау – мемлекеттердің халықаралық ынтымақтастығының да өзекті саласы. Мемлекеттік саясаттың осы бағытының мән-маңызы және осы мәселеге халықаралық қауымдастықтың ерекше назары халықтың репродуктивті деңгейі, мемлекеттің еңбек, зияткерлік әлеуеті, жас ұрпақтың физикалық, рухани және адамгершілік дамуы әйелдер мен балалардың денсаулығы, әлеуметтік жағдайымен тікелей байланысты екендігін көрсетеді.

Ана мен баланы қорғау және олардың құқығы жайлы Caravan.kz медиа порталының тілшісі психолог, теолог Жанна Сейтқалиева Болатқызымен сұхбаттасты.

— Жанна өзіңіз таныстырып өтсеңіз

— Мен Жанна Сейтқалиева Болатқызы. Психолог, психотерапевт, теологпын. Психология саласын 9 жыл оқыдым. Әлі де өзімді дамытып, оқудамын. 12 жылдан бері жұмыс атқарып келемін. Жолдасым Жасұлан Сейтқалиев екеуміз отбасылық психологпыз. Екеуміздің құрған академиямыз да бар. Бізідің ең басты миссиямыз – жер бетінде тірі жетімдер азайсын деген миссия.

— Қазіргі таңда көкейтесті ең өзекті мәселелердің бірі – ана мен бала. Осы жайында айтсаңыз…

— Ана мен баланың құқығы — өзіңіз айтып тұрғандай өте өзекті мәселелердің бірі. Ең бастысы бала – бізге берілген аманат. Бала бұл өмірге бақытты болуы үшін, барлық баланы мұсылман етіп жаратқан. Бірақ, түрлі жағдаймен әр ата-ана түрліше тәрбие береді. Аманатқа қиянат жасамауымыз керек.

Бала өмірге келгеннен кейін, бала үш жасқа дейін бұл өмірге керекпін немесе керек емеспін деген шешім қабылдайды. Үш жастан алты жасқа дейін мені жақсы көреді немесе жақсы көрмейді деген шешім қабылдайды. Ал, алты жас пен он екі жастың арасында бала сол өзінің түпкі санасында қабылдаған сезімдерін, шешімдерін толықтай растай, құптайды. Шешімдері бұл өмірде мен жеңімпазбын немесе жеңімпаз емеспін, немесе мен өмірде сәтсіз адаммын деген шешімге келеді. Бала сол шешімі арқылы өмірдегі қарым-қатынасын, өзінің өміріндегі жалпы жағдайын түрлі жағдайларға қарай балап отырады.

Ата-ананың өзі екі түрлі топқа бөлінеді. Бірі — плюсовой, екіншісі – минусовой. Оның ішінде де түрлі топтары болады. Минусовой ата-аналар мыналар: Бірінші топтағылар – үнемі сыншыл, міншіл болып, баланы үнемі бақылауда ұстап, балаға еркіндік бермей қысып, тек өзінің қадағалауында ұстайды. Екінші топтағылар – эмоционалды суық ата-ана деген бар. Тек жұмысбасты, үйде күні-түні жоқ ата-ана. Сол кезде бала өзін керексіз сезінеді. Ыңғайлы бала сезіміне кіреді. Ондай ыңғайлы балалар өскенде ыңғайлы әке, ана, жар, күйеу, келін болып шығады. Бұндай адамдар өзін-өзі ұмытып, біреудің ыңғайына жығылып, өзгені қуантсам, өзгеге жақсам деп өмір сүреді. Қысқаша айтқанда, өзгенің ойы үшін жүреді. Өзіне сенімі өте төмен болады.

Ал, плюсовой ата-ана деген – балаға әрдайым қолдаушы, қорғаушы. Баланың тек тамағының тоқтығын емес, ішкі жан-дүниесіне үңіліп, ішкі сырымен бөлісіп, баламен әрдайым ақылдаса, санаса, ойы бөлісе қарым-қатынас жасайтын ата-аналар. Қысқаша- баланың жан-дүниесін зерттей білетін ата-ана деп айтамыз. Сондықтан, балаға серіктестік қарым-қатынаста болу. Бала сонда ғана өзіне сенімді, жеңімпаз болып өседі.


— Ана мен баланы қорғау мәселелерін шешудің жүйелі әдісі қандай?

— Қазіргі таңда маған өте көп қысым көрген аналар келеді. Күйеуі тарапынан тек кінәлі болып қалғандар. Отбасында әйел өзін керек емес сезінген әйелдер көп. Қоғамда белең алып тұрған әйел құқығы тапталған деп айтсам да болады. Сөзбен де, іспен де қорлау көрген жандар өте көп кездседі. Соның бәріне үндемей көніп, тек ажырасу шешіміне келгенде, шегіне жеткенде ғана маған келеді. Діни тұрғыдан да, заң бойынша да әйел зорлық көруге құқылы емес. Сондай әйелдерге өз құқығын қорғауы тиіс. Ондай зорлық көніп, төзіп жүре беруге міндетті емес.

— Қазіргі таңда әкімгершілік тарапынан да тегін психологтар бар. Ана мен бала құқығын әлеуметті қолдау, қорғау орталықтары бар. Ол жақтан өте көп көмектер көрсетіліп жатыр. Әйелдер мұндай қиын жағдайға түспей, осындай арнайы орталықтарын барын біле тұра бармауы үлкен қателік. Дамыған жаңа елімізде жаңашылдықтар өте көп. Ізденсе, ілім алса, көзі ышық көкірегі ояу әйел болса деймін. Жаны тыныш әйел, ана саналы ұрпақты тәрбиелейтіні айтылып келе жатқаны тағы бар. Сондықтан, ана мен бала құқығын қорғау, жол көрсету біздер психологтардың көмегі орасан зор.

Сонымен қатар, ана мен баланы қорғаудың заңнамалық негіздері көптеген мемлекеттердің Конституцияларында, арнайы қабылданған Еңбек кодексі, Отбасы кодекстерінде, сондай-ақ бірқатар заңдарда, атап айтқанда, «Денсаулық сақтау туралы», «Бала құқықтарының кепілдіктері туралы» Заңдарда және өзге де заңнамалық актілерде көрсетілген. Ана мен баланың құқығын қорғау, әлеуметтік және денсаулық жағдайын жасау туралы түрлі қорлар, кеңестер мен қозғалыстар, қоғамдық ұйымдар жұмыс істейді.

Соңғы жаңалықтар