“Аналар үйін” паналаушылар қызметкерлердің кемсітетінін айтып ашынды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Аналар үйін” паналаушылар қызметкерлердің кемсітетінін айтып ашынды

“Аналар үйін” паналаушылар қызметкерлердің кемсітетінін айтып ашынды

Бұл туралы 31 арна хабарлайды, деп жазады Stan.kz.

Тіпті “Аналар үйінен балаларымызбен бірге қуылдық” деген аналар, орталықтың ішінде болып жатқан біраз сұмдық жайттарды жайып салд?

  • 3 Мамыр 2017
  • 1064
Фото - Caravan.kz

Тіпті “Аналар үйінен балаларымызбен бірге қуылдық” деген аналар, орталықтың ішінде болып жатқан біраз сұмдық жайттарды жайып салды.

Қайын жұртына жақпай, далада қалған Ақмаржан Демесінова «бар үмітім осы Аналар үйінде болған», дейді. Жас ана көру қабілеті нашар ұлын тегін көрсетілуі тиіс ем-домның арқасында сауықтыруды ойлағанын айтады. Бірақ сегіз айдан бері орталықты паналап келген келіншек “Аналар үйінің” үйлестірушісі дәрі түгілі, жөргектің өзін әрең беретінін айтады. Сорақысы, орталықтың өкілдері баламды кемсітеді дейді.

“Мен ол жерге бармаймын. Далада қалсам да, ол жерге барып баламды қорлатып қоймаймын. Менің өзімді қорласа, қорлай берсін. Жарайды, мені оралман деп кемсітеді”, – дейді Аналар үйін қапаналаушы Ақмаржан Демисинова.

Кеше тапа тал түсте “Аналар үйінен” қуылдық деген сегіз әйел сәбилерімен бірге далада екі сағат бойы жүргендерін айтады. Соның кесірінен бір қабат киім кигізіп үлгерген балаларына суық тиіп қалған көрінеді. Ақерке Байқасымова онсыз да ауырып жүрген төрт айлық балам енді не болады деп егіліп жылап отыр.

“Бізге айтты далаға шығуға болмайды деп. Бізді тағы далаға больницаға барыңдар деп шығарғанда қазір, міне, балам ауырып отыр қатты отдышкамен”, – дейді Аналар үйін қапаналаушы Ақерке Байқасымова.


убийство_1

Ал орталықтың үйлестірушісі жағдайды түсіндіріп бермек түгілі, түсірілім тобын алып қоршаудан да өткізбеді. Дегенмен, Қарағандыдағы Аналар үйінен шыққан шу Астанаға дейін жетіпті.

“Аналардан түскен арыз бойынша арнайы комиссия Қарағандыдағы Аналар үйін тексеруге барды. Бірақ әйелдер жазған шағым хатындағы фактілер расталмады. Олар осылайша өздерінің орталықта қалу мерзімін ұзартпақ болған”, – дейді “Аналар үйі” қоғамдық қорының орындаушы директоры Бибігүл Махметова.

“Ашынған аналар жауапты органдағылардың тексеріс жүргізуін талап етеді. Өйткені, «Аналар үйі үйлестірушінің әрекеті күмән келтіреді», дейді. Сөздерінше, қамқорланушылардан наннан бастап, көмірге дейін ақша жинайтын орталықтың өкілі, еріктілер балаларға әкелетін заттарды жымқырып қалады екен. Тіпті, бұны дәлелдейтін суреттері де бар көрінеді”, – дейді тілші Мейрамгүл Салқымбаева.

Соңғы жаңалықтар